«Алматыинжстрой» акционерлік қоғамы 50 жылдам астам нарықта өзін тұрақты компания ретінде танытып келеді. Сапаға қол жеткізу – компанияның негізі қаланған 1961 жылдан бастап ұстанып келе жатқан қағидасы. Ол кезде оның атауы мамандандырылған мемлекеттік «Алмаатаспецстро
Көпжылдық сапа – құрылыс компаниясының басты ұстанымы. Бұл ұстанымды «Алматыинжстрой» холдингі де мүлтіксіз ұстанады. Ең басты мақсаты қазақстандықтың өмірін ыңғайлы жасау, әрі Қазақстан мемлекетінің құрылыс атты тарих кітабының беттерінде айырықша із қалдыру.
Компания басшылығы
Бронислав Сергеевич Шин,
Директорлар кеңесінің төрағасы
«Алматыинжстрой» холдингінде 40 жылдан астам аянбай еңбек етіп келеді. Мансап жолын 1967 жылы қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Уақыт өте келе ол мансаптың әр өсу баспалдағынан өткен, яғни шебер, құрылыс жұмыстарын басқарушы, бас инженер, басқарманың басшысы, трест басшысының орынбасары қызметтерінде тер төккен. 1989 жылы балама негізінде «Алматыинжстрой» тресттің басшысы болып сайланды. 1990 жылы «Алматыинжстрой» АҚ-ның бас директоры болып тағайындалды. 2008 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі таңға дейін «Алматыинжстрой» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда. Шин Б.С. мансап баспалдағымен сүрінбей көтерілуі оның өз жұмысына деген жауапкершілігі мен кәсіпқойлылығының арқасы деп түсінуге болады.
Талай ұйымдардың тоқырау кезеңі болған, нарыққа көшу заманында «Алматыинжстрой» АҚ-ын өзіндік салиқалы саясатының арқасында нарыққа бейімдей ала білді. Ол ұжымды, өндірістің техникалық паркін сақтап қалумен қатар, оның деңгейін асқақтатып, мемлекет бойынша да қанатын кеңге жайып, таныта білді.

Серик Есеркенович Оразбаев,
Директорлар кеңесінің мүшесі
«Алматыинжстрой» АҚ жүйесінде 1973 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Еңбек баспалдағын механик ретінде аттады. Уақыт өте келе құрылыс жұмыстарын басқарушы, учаске бастығы, №3 механикаландырылған жұмыстар басқармасының бастығы, Атырау қаласындағы «Алматыинжстрой» АҚ өкілдігінің директоры болып жұмыс істеді. 2008 жылы «Алматыинжстрой» АҚ-ы бас директоры болып тағайындалды. Қазіргі таңда директорлар кеңесінің мүшесі және холдингтің Атырау қаласында орналасқан компанияларын басқарып келеді. Серик Есеркенович Оразбаевтың құрылыс саласына өзіндік ерекше үлесі бар тұлға екендігі оның мақтау мен алғыс хаттар қоржыны дәлел. 2010 ж. «Құрмет» орденімен, 2008ж. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағымен, 2009ж. «Даңқты құрылысшы» құрмет белгісімен марапатталды.

Асхат Кашкинбаевич Чиликбаев,
Бас директор
«Алматыинжстрой» АҚ жүйесінде 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын «Компания «АлматыДорСтрой» ЖШС-інің бас инженері ретінде бастады. Одан кейін компания директоры болып тағайындалды. 2012 жылы «Алматыинжстрой» АҚ-ның бас директордың өндіріс сұрақтары бойынша орынбасары қызметін атқарды, 2013 жылы атқарушы директор болды. 2014 жылдан бастап бас директор болып сайланды. 2012 жылы Асхат Кашкинбаевич «Қазақстан құрметті құрылысшысы» құрмет атағымен марапатталды. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімінің құрмет грамотасының иегері.

«Алматыинжстрой» әр жобаның сәтті басталып әрі сәтті аяқталуы қорға тікелей байланысты екендігін жақсы біледі. Тапсырыстың уақтылы әрі сапалы орындалуы қарапайым жабдықтан арнайы техниканың уақтылы болуымен тікелей байланысты. Себебі кез-келген қажет құралдың болмай қалуы үлкен жұмыстың тоқтауына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтанда еңбек, техникалық, материалдық қордың түгел болуы холдинг үшін стратегиялық маңызы бар мәселе.
№ | Атауы | Барлығы: | № | Атауы | Барлығы: |
1 | Экскаватор | 54 | 18 | Цемент тасығыш | 4 |
2 | Бульдозер | 33 | 19 | Битум тасығыш | 2 |
3 | Мұнаралы кран | 21 | 20 | Автомұнара | 3 |
4 | Автокөлік краны | 40 | 21 | Ұнтақтағыш | 3 |
5 | Пневможүргіш кран | 10 | 22 | Кұм елек | 5 |
6 | Дөңгелеткіш | 51 | 23 | Бетон зауыты | 2 |
7 | Көтергіш | 46 | 24 | Автобетонараласт |
10 |
8 | Автогрейдер | 15 | 25 | Автобус | 21 |
9 | Асфальттөсегіш | 10 | 26 | Автогудранатор | 5 |
10 | Бетонтөсегіш | 2 | 27 | Мұнара | 1 |
11 | Арнайы техника | 104 | 28 | Су тасығыш | 7 |
12 | Жүкті өзі түсіретін көлік | 149 | 29 | Қозғалмалы компрессорлар | 12 |
13 | Тіркеме | 22 | 30 | Бұрғылау қондырғысы | 2 |
14 | Бензин тасымалдаушы | 7 | 31 | Асфальт зауыты | 4 |
15 | Борттық көлік | 25 | 32 | БСУ | 2 |
16 | Жол «фрезасы» | 5 | 33 | Жеңіл көлік пен автобус | 131 |
17 | Автобетон сорғыш | 2 | Барлығы | 810 |